ОАО "ОРЕНБУРГСКИЙ КОМБИКОРМОВЫЙ ЗАВОД"
Өнімі ОАО "Оренбургский комбикормовый завод"
Мыналарға арналған: Бұзауларға арналған, азықтандырудың ұсынылатын жасы- 75 күннен бастап
Ақуызды- дәруменді- минералды концентрат (АДМК) – қолданыстағы жем базасын ескере отырып, шаруашылыққа қоспа жем өндірісіне арналған және ғылыми- негізделген рецепттер бойынша өндірілетін, биологиялық белсенді заттардың және макро-микроэлементтерінің оңтайлы мөлшерімен энергиялық қаныққан құрамдарының, ақуызы мол ұнтақталған қоспасы.
Рецепттің құрамы: күнбағыс күнжарасы, әктас, монокальцийфосфат, соя күнжарасы, бидай кебегі, бұршақ, ас тұзы, лимон қышқылы, құрғақ төп, премикс бөлігі.
Рационның негізгі ингредиентімен араластыруға ыңғайлы, ұнтақ жарма болып табылады. Бидай тартпасына 10% АДМК қосу норма болып есептеледі. АДМК қолдана отырып, қоспа жемді дайындауға ұсыныстар- АРАЛАСТЫРҒЫШТЫ ҚОЛДАНЫП әбден араластыру (қолмен араластыруға жол берілмейді, тек қана араластырғыш!).
ІҚМ энергия алмасуы, МДж/Кг | 10,40 |
Қорытылатын протеин, % | 36,20 |
Шикі протеин, % | 40,03 |
Шикі май, % | 1,66 |
Импорттық өндірістің ұқсас өнімдерінен айырмашылығы бұзаулардың тәуелділігін туғызбайды, төлдер оны жақсы жейді, тұрақты салмақ өсімін қамтамасыз етеді және жануардың мықты иммундық жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді.