Құрметті сайтқа келушілер!
Ресейдің ежелгі және ірі қоспа жем өндірісі бойынша зауыттарының бірі, «Орынбор қоспа жем зауыты» ААҚ-на қызығушылық танытқаныңызға алғыс білдіреміз. Зауыт Ресейдің қоспа жем өндірісі нарығында 90 жылға жуық қызмет атқарып келеді, және де осы саланың көшбасшыларының біріне айналды. Біз ондаған жылдар бойы қалыптасқан сапа дәстүрлерін өте жоғары бағалаймыз және де өз жұмысымызды даму болашағымен құрамыз. Зауыттың COVID-19 пандемиясы жағдайындағы іс-әрекеттері өзгерістерге және өзгеріп жатқан нарықтық ақиқатқа бейімделуіне қарамастан , «Орынбор қоспа жем зауыты» ААҚ әуелгі барлық мүдделі тараптар үшін пайданы және табысты қамтамасыз етуін өзінің басымды мақсаты етіп қоюының дәлелі болды. COVID-19 таралуы кезінде қызметкерлер мен клиенттерді қорғау бойынша шараларды қабылдай отырып, біз өндірілген қоспа жемді жеткізіп қана қоймай, зауытты дамытуға бағытталған стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырдық.

«Орынбор қоспа жем зауыты» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
Владимир Киданов

БҮГІНГІ ЗАУЫТ

«Орынбор қоспа жем зауыты» ААҚ а/ш жануарларға, құстарға және балықтарға арналған жемшөптер, ақуызды-дәруменді- минералды қоспалар, қоспа жемдерінің технологиялық жоғары деңгейлі өндірісімен ерекшеленетін, Орынбор облысындағы қайта өңдеу ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады

Біздің миссия – а/ш жануарларының өнімділігін өсіретін, демек кәсіпорынның табыстылығын арттыратын,қолданылатын технологиялар арқасында, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне көмек көрсету.

Бүгінгі Орынбор қоспа жем зауыты:

Ресей және Қазақстан Республикасының 14 өңіріндегі, 300-ден астам көтерме сатып алушылары.

30-дан астам құрылымдық бөлімшелер.

Жоғары кәсіби ұжым.

Қуаттылығы – жылына 140 мың тонна түйіршіктелген қоспа жем.

Бөлшектеп сату көлемі –жылына 60 мың тоннадан жоғары қоспа жем.

Орынбор қоспа жем зауытында өнім сапасын бақылау маңызды орынға қойылған.Біз үшін тұтынушының сатып алынған азыққа барынша қанағат болғаны маңызды. Зауыттың ғасырлық тарихы таңдалған үш сатылы сапа жүйесінің дұрыстығын растайды.

Біз түсетін астықты, жоғары технологиялық өндірісті және дайын өнімді жөнелтуді ондаған көрсеткіштер бойынша бақылап отырамыз.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Зауыт «Экономика көшбасшысы» атағына ие болды.

Облыс үкіметімен Зауытты Еңбек өнімділігі және жұмыспен қамтуды қолдау ұлттық федералдық жобасына қосылуы туралы келісім жасалды.

2020 жылы зауыт қызметкері Орынбор қаласының «Жыл адамы» атағына ие болды.

2018 жылдан бастап «Русь» агроөнеркәсіптік холдингтің құрамына кіреді. Орынбор қоспа жем зауыты – «Русь» агрохолдингі құрамындағы бірінші буын.Іргетасы, ел бойынша сатылатын, құс етінің және одан жасалған жүзге жуық өнім түрлерінің жеке өндірісі.

Орынбор қоспа жем зауыты үнемі өндірістік процесті жетілдіріп отырады.Қоспа жем өндірісінің жаңа технологияларын ендіру шығарылатын өнімнің сапасын үздіксіз жақсартуға, рецепттен рецептке жедел ауысуға,шығарылатын өнімнің сапасын бақылауға және есеп жүргізуге, және де адами факторын төмендетуге мүмкіндік туғызады.

2018-2019 жж қоспа жем өндірісін техникалық жетілдіру бойынша жобасы жүзеге асырылды.

Сыйымдылығы 80 м3 күнбағыс майын сақтау ғимараты салынды, фуздың тұнбаға түсуін азайту мақсатында майды автоматты түрде араластыру және оны өндіріске жіберу құрылғылары орнатылды. Бұл өндірілетін қоспа жемнің жоғары қоректілігін сақтайды.

2 элеваторға:дәнді және ұнды, дәнді және дәнді емес шикізаттың әртүрлерімен заманауи көліктің кезкелген түрін түсіруге арналған ұзындығы 24 метр платформа және жүккөтерімділігі 120 тонна шикізатты автоматтық автомобиль түсірілімі құрылды.

Қаптамалы қоспа жемдерді сақтауға және жөнелтуге арналған қоймалар ауданы 700 м2-ге кеңейтілді. 4 қаптау аппараттарымен, соның ішінде қаптау және биг-бэгтарда жөнелту мүмкіндігімен қаптау цехының құрылысы жоспарлануда. Бұл өнімді жөнелту уақытын азайтып және біздің клиенттерімізге зауыт аумағындағы логистиканы жеңілдетеді.

Сапаны жақсарту және өнімділікті арттыру үшін түйіршіктелген қоспа жемдерге ферменттерді және майды бүркудің жаңа желісі сатып алынды және құрастырылды. Бұл рецептурамен көзделген, препараттарды және ферменттерді бүрку мүмкіндігімен, қоспа жемдердің қоректілігі артуын, ұсақ фракция мөлшерін азаюын, түйіршіктер қаттылығын жоғарылауын қамтамасыздандырды(микромөлшерлеу енгізбесінен бөлек).

Зауыт аумағында теміржол төсемінің 300 м-не жөндеу жүргізілді. Бүгінгі күні зауыт теміржол көлігімен шикізат қабылдауды да, вагондарды жөнелтуді де бүкіл ел бойынша және одан тыс жерлерде де (Қазақстан, Өзбекстан ж.т.б.) жүзеге асыра алады.

Одан басқа, қоспа жем цехында және екі элеваторда жаңа лифттер іске қосылды, заманауи өрт дабыл жүйесі орнатылды, жеке қазандықтың және ұнтақты элеватордағы аспирациялық қондырғыларының жаңғыртылуы жүргізілді.

Орынбор қоспа жем зауыты кәсіпорындағы жұмыскерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздігіне аса назар аударады.Тұрақты негізде ростұтынқадағалау нормалары және қағидалары бойынша жұмыс орындарына аттестация жүргізіледі. Аттестацияға сәйкес, 125 қызметкерлер кеңейтілген медициналық комиссиядан өтті.

Бүгінде Орынбор қоспа жем зауыты, 200-ден астам рецептуралар негізінде толық рационды түйіршіктелген қоспа жем өндіріс процесі автоматтандырылған Орынбор облысындағы жалғыз кәсіпорын болып табылады.

Бүгінгі күні азықтарды сату- бұл:

Азықтарды бөлшектеп сатудың жеке фирмалық дүкені.

Ресей және Қазақстан Республикасының 14 өңіріндегі, 300-ден астам көтерме сатып алушылары.

Күркетауық етін өндіретін кәсіпорындарды ( «Восточная-Агро», «Самарская индейка» ЖШҚ),шошқа етін өндірушілерді ( «Гаймясопродукт» ЖАҚ), бөденелер фермаларын және көптеген шаруа қожалықтарын қоспа жемдермен қамтамасыз етеді.

Сүтті және етті ірі қараны өсіруге арналған қоспа жем өндірісінің бағытын белсенді дамыту.Орынбор қоспа жем зауытының қоспа жемін рационға енгізгелі, Орынбор облысының 8 кәсіпорны негізінде ІҚМ тәуліктік орташа салмақ өсімі және сүт өнімділігінің айтарлықтай көбейгені расталды.

Орынбор қоспа жем зауытының өнімі Ресейдегі ең үздік тауарлардың жүздігіне кірді, өңірлік және бүкілресейлік көрмелерде жоғары марапаттарды алады.

Тұтынушы, тікелей айтқанда, жақсы және пайдалы өнім үшін рубльмен дауыс береді. Бұл жерде «Не жейміз сол боламыз»-деген сөздің қосымша мағынасы пайда болады. «Біздің үстелге келетін жануарлар мен құстардың жейтіні». Салауатты және дұрыс тамақтанудың баламасы жоқ.