ҚЫЗМЕТТЕРІ

Мал шаруашылығы өнімі өндірушілерінің табысын және ауқаттылығын арттыру. Біз үнемі азықтандыру шығынын оңтайландырудың жаңа тәсілдерін іздейміз. Мамандардың тек рецептура және азық өндірісі процесінде ғана емес, сондай-ақ а/ш жануарларын және құстарын азықтандыру және күтіп ұстау процесіне сапалы қолдау көрсетуі азықтандыру тиімдігін арттырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Тәжірибелі фермерлер мен ірі өнеркәсіптік кешендер үшін де өндіріс табыстылығын арттыру және бұқалар мен сиырлардың бордақылауын тиімді ұйымдастыру немесе сауын сүтті арттыру мәселелері үнемі өзекті болып табылады?

«Орынбор қоспа жем зауыты» ААҚ ІҚМ және сауын сиырларды бордақылаудың барлық кезеңдеріне қоспа жемді шығарады.Зауыт рецептологтары әзірлеген қоспа жемдер, ауылшаруашылық тауар өндірушілері тарапынан қосымша қаржылық шығындарсыз, жануарлардың өнімділігін арттыра отырып, олардың генетикалық әлеуетін барынша ашады.

Зауыт ынтымақтастықтың барлық кезеңінде клиенттердің сүйемелдеуін қамтамасыз етеді:

Мал басын тексеру (жалпы күйі, ұрықтандыру деректері, қанды зертханалық зерттеу), бақылау сауу, қайта өлшеу.

Қолда бар жемшөп базасын талдау (соның ішінде сапалық көрсеткіштерге зертханалық зерттеулер).

Азықтандыру және күтіп ұстау жағдайларын талдау. Рационды жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

Мал шаруашылықтарының күн тәртібін түзету.

Алынған деректер негізінде қоспа жемдер рецептураларын әзірлеу.

Әр жыныстық-жастық топ үшін жеке азықтандыру рационын құру.

Өнімділіктің артуын бірлесіп бақылау (бақылау сауу, өлшеу), бақылау тобының жағдайын тексеру.

Зауыт өзінің серіктестеріне тұрақты сапаны, уақытылы жеткізілімді және икемді бағалық белгіленімді қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын базасында жеке өндірістік- техникалық зертхана жұмыс істейді. Шығарылатын өнімнің сапасына үш сатылы бақылау жүргізіледі:

Нормативтер талаптарына сәйкес барлық түсетін шикізаттың кіріс сапасын бақылау.

Өнімді өндірудің барлық учаскелерінде сапаны бақылау.

Жөнелтілетін өнімнің сапасын және көліктің санитариялық күйінің сапасын бақылау. Барлық қажетті құжаттармен қамтамасыз ету.

Зауыт рецептологтары әзірлеген қоспа жемдер, ауылшаруашылық тауар өндірушілері тарапынан қосымша қаржылық шығындарсыз, жануарлардың өнімділігін арттыра отырып, олардың генетикалық әлеуетін барынша ашады.

Рецепттер және азықтандыру (рацион) схемалары тұқымдарға (кросстарға), клиенттің қалауына, қолдағы жемшөп қорына, қанды зертханалық талдауға ж.т.б. байланысты жеке әзірленеді

Сапа көрсеткіштерінің кең тізімі негізінде (25-тен артық) рецептті Орынбор қоспа жем зауыты Рецептуралар және кеңес беру бөлімінің мамандары есептейді.

Зауыттың Рецептуралар және кеңес беру бөліміне тек қана құстарды азықтандыруға мамандандырылған тар бейінді зоотехниктер және рецептологтар кіретініне назар аударыңызды сұраймыз. Олар тиімдірек рецептураны және азықтандыру схемасын жеке әзірлеу үшін Сіздің кәсіпорынға баруға дайын. Біз келіссөздер және жеке кездесулер үшін ашықпыз.

Ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық шеңберінде, біз Орынбор қоспа жем зауытының астық элеваторында дәнді және бұршақ дақылдарын сақтауға шарт жасасуды ұсынамыз, кейінгі біздің нарықта белгіленген бағалар бойынша сатып алу мүмкіндігімізбен.

Элеваторларда сақтауға жататын, ауылшаруашылық дақылдары:

4,5 класты жұмсақ бидай

Жемшөптік арпа

Жемшөптік сұлы

Жем бұршақ

Жем жүгері

Бағалары, көлемі және сақтау шарттары шикізатты сақтау шартына қоса берілетін сәйкес сипаттама құжаттарында белгіленеді.

Келісім шарт жасасу мүмкіндігі.

«Орынбор қоспа жем зауыты» ААҚ бірлескен ынтымақтастық шеңберінде, келісілген атауы, ассортименті және көлемі бойынша, егіннің пісіп жетілуі және жеткізілім мезетіндегі нарықтағы бағалар бойынша сіздің шаруашылығыңыздың жыл сайынғы болашақ ауылшаруашылық өніміне жеткізу шартын жасасу мүмкіндігін қарауды ұсынады.

Сіз ынтымақтастық шарттары бойынша толығырақ ақпаратты Өндіріске шикізатты сатып алу бөліміне келесі телефон нөмірі бойынша хабарласып +7 (3532) 91-88-88 (қос. 227), немесе келесі электрондық пошталарына хат жазып біле аласыздар: gabosenko@orenkz.ru, adluppov@orenkz.ru