Бөденелерге арналған қоспа жем ДК-52

Бөденелерге арналған қоспа жем (5 аптадан бастап)

Мыналарға арналған: Бөденелерді азықтандыруға және жұмыртқалағыштығын арттыруға арналған.

Рецепттің құрамы: дәнді және ақуызды шикізат, жануардан алынатын шикізат, өсімдік майлары, микро элементтер, дәрумендер, ферменттер, антиоксиданттар, пробиотиктер және пребиотиктер, кокцидиостатиктер. Дәрумендермен және минералдармен байытылған, қоректілігі жоғары толық рационды қоспа жем.

Азықтандыру тәсілі: құрғақ күйінде беріледі. 4 аптаға дейінгі балапандарға ПК-0 қоспа жемі арналған, оны тәулігіне бір балапан басына 4 грамнан бастап, біртіндеп 4 аптада тәулігіне бір балапан басына 13 грамға дейін жеткізеді. 5- ші аптадан бастап бөденелерді ДК52 қоспа жемімен азықтандыруға кеңес беріледі. Бір жем түрінен басқасына ауысу келесі есеппен 3-5 күн ішінде жүзеге асырылады: бірінші күні жаңа жемнің 30%, екінші күні- 50%, үшінші күні- 70%.ДК-52 тәуліктік енгізу нормасы- бір құс басына тәулігіне 16 грамм, 9 аптаға қарай бір құс басына тәулігіне 28-30 грамға дейін біртіндеп норманы көбейту.

Азықтандыру нормасы

Құстың жасы, апта 1
ПК-0
2
ПК-0
3
ПК-0
4
ПК-0
5
ДК-52
6
ДК-52
7
ДК-52
8
ДК-52
9
ДК-52
Тәулігіне 1 құс басына жемшөп грамы 4-5 6-7 8-10 11-13 14-16 17-20 21-24 25-28 29-31