ПК-5-2П (ӨСУІ)қоспа жемі

Бройлерлерге арналған қоспа жем (15-тен 30 күнге дейін)

Мыналарға арналған: 15-ші күннен бастап бройлерлерді азықтандыруға арналған.

Рецепттің құрамы: дәнді және ақуызды шикізат, жануардан алынатын шикізат, өсімдік майлары, микро және макро элементтер, дәрумендер, антиоксидант ферменттері, пробиотиктер және пребиотиктер, кокцидиостатиктер. Дәрумендермен және минералдармен байытылған, қоректілігі жоғары толық рационды қоспа жем.

Азықтандыру тәсілі: Әр балапанға өсу мөлшері бойынша күніне 70-150 грамм қоспа жем қажет.

Қоспа жемді құрғақ күйінде қолданыңыз.Қоспа жемнің қасына таза сумен астауды орнатыңыз. Астау жақсы жарықтандырылған болуы тиіс, себебі нашар жарықтандырылған астауға балапандар жақындамайды. Азықтандыру гигиенасын сақтаңыз:жем салғышты және астауларды ыстық сумен жуыңыз, құс күркесін жүйелі түрде зарарсыздандырып тұрыңыз.

Сапа көрсеткіштері

Энергия алмасуы (Ккал/100г) Шикі протеин, % Шикі май, % Линол қышқылы, % Шикі жасұнық, % Лизин, %
313 21,48 3,98 2,04 4,57 1,31

28-ші күннен бастап ПК-6 ФИНИШ немесе ПК-3 қосымша қорекке арналған жемге ауысу біртіндеп жүзеге асырылады. Қосымша қорек ретінде бидай беру тиімсіз, өйткені құс белсенді салмақ қосу сатысында болғандықтан, микро макро элементтерге және дәрумендерге мұқтаж екендігіне назар аударуыңызды сұраймыз.